Калжындар.docx
Microsoft Word Document 27.3 KB
Әзілдер.docx
Microsoft Word Document 27.6 KB
Русско-китайский словарь.docx
Microsoft Word Document 17.6 KB
Рассчитай число своей судьбы.docx
Microsoft Word Document 18.0 KB
Казахские имена мужские и женские.docx
Microsoft Word Document 36.2 KB

Мұғалімдер мен оқушылар, студенттер мен оқытушылар, оқушылар мен олардың ата-аналары жайлы күлдіргі әңгімелер

Мектептің тұсынан өтіп бара жатқан әкесі жанындағы баласына:

         - Сен осы мектепте оқисың ғой, иә дейді. 

         - "Иә" дейді баласы. 

         - Осыдан 20 жыл бұрын мен де осы мектепте оқығанмын. 

         - Ә, онда директордың маған кеше неге олай дегенін енді ұқтым. 

         - Директор не деді? 

         - "Дәл сендей топасты көрмегеніме 20 жыл болды!" деді.... 

***

Үш талапкер тарих пәнінен емтихан тапсырып отыр. Біріншісі жақсы баға алу үшін өгіз беріп қойса, екіншісі қой берген. Ал үшіншісі жағдайы нашар болғандықтан, ештеңе бермеген.

       Ұстазы біріншісінен

          - Алғашқы атом бомбасы қай елде жарылды?

          -  Жапонияда

          -Бес!

       Екіншісінен:

-          Алғашқы атом бомбасы қай елде жарылды?

-                            -- Жапонияда

-                            -- Қай жылы?

-                            -- 1945 жылы.

-                            -- Бес!

       Үшіншісінен:

-                           --Қай қалада?

-                           --Херасимода.

-                           -- Өлген адамдардың саны қанша?

-                           -- Екі жүз тоқсан төрт мың.

       Ұстазы сасқанынан:

-                           -- Өлгендердің атын атап шық, - депті.

***

Филология факультетінің үшінші курсында оқитын спорт шебері емтихан тапсырып отырса керек.

         - Айналайын, ең болмаса қарапайым сұраққа жауап берші!

Лев Толстой деген классикті білесің бе?

         - Ағай-ау, мен классикамен емес, еркін күреспен айналысамын ғой...

*

 

 

 

Оқушы мұғалімге:

- Ертең сабаққа келмей-ақ қояйыншы.

- Неге?

- Мама, өзіңіз ғой кеше ертең ауылдан апам келеді деген.

- Екеуіміз бірдей келмесек, ұят болар...

                  ***

Мұғалім оқушысын тақтаға шақырады да:

- Мен Шығайбайға бір алма беремін де, оны төрт балаға бөліп беруін сұраймын. Сонда әр балаға қандай бөлік тиеді?

- Ешқандай.

- Отыр, екі. Математиканы білмейсің.

- Ал сіз Шығайбайды білмейді екенсіз.

                ***

Мұғалім оқушыға:

         - Сен үшін үй тапсырмасын неге әкең орындайды?

         - Шешемнің қолы тимейді.

               ***

Екі жігіттің әңгімесінен:

- Темекіні зиянды қасиеттері туралы кітап оқыдым, қоятын шығармын...

- Темекіні ме?

- Жоқ, кітап оқуды.

             ***

 

Емтиханда:

- Сұраққа жауап беріңіз, студент.

- Ойлауға кішкене уақыт беріңіз.

- Уақытың баяғыда бітіп кеткен.

- Онда залдың көмегіне жүгінейін, болмаса досыма телефон шалайын.

            ***

Бір адам көзілдірік сатып алайын деп дүкенге кіріп, көзілдірікті киеді де, кітапқа қарайды. Тағы бірін алып, тағы кітабына қарайды. Сөйтіп көзілдірік біткеннің бәрін қарап, бәрін жақтырмайды.

         - Бұл қалай? Мына көзілдіріктерің дәнеме танып, оқып болмайды ғой.

         - Жарықтығым, сен өзің оқуды білуші ме едің?

         - Егер оқуды өзім білетін болсам, сенің көзілдірігіңнің маған не қажеті бар?

           ***

 Екі студент әңгімелесіп отыр.

         - Егер декан маған айтқан сөзін қайтып алмаса, онда мен университеттен кетемін.

         - Ол саған не деп еді?

         - «Университеттен жоғал» деген!

             ***

Бір студент жігіт көшеде келе жатып, басы аййналып құлап қалады. Қасына бір келіншек келіп, айналасындағыларға:

         - Су әкеліңдер, су әкеліңдер, - дейді. Сонда ақырын есін жинай бастаған студент әлгі келіншекке:

         - «Аналарға сумен қоса нанға май жағып ала келіңдер» деп айта салыңызшы, - дейді сыбырлап.

             ***

Мұғалім оқушыдан :

- Аққұтан жылы жаққа неге ұшады? – деп сұрайды.

Оқушы:

- Жүре алмаған соң ұшады.

                 ***

Баласының күнделігін тексеріп шыққан әкесі ашуланып:

- Балам, мұның қалай, биологиядан ғана екі алмапсың ғой?

- Әке, ашуланбаңызшы, өйткені биологиядан әлі үй тапсырмасын тексерген жоқ.

               ***

Оқытушы :

- Айдаров, лекцияға неге кешігесің?

- Кешіріңіз, ағай, ұйықтап қалыппын.

Өй, сен үйіңде де ұйықтайсың ба?!

            *** 

 Студент емтихан тапсыруға келіп тұр. Оқытушы:

         - Билет алыңыз.

         - Ағай, менде «проездной» ғой.

                ***

Студенттік емтихан тапсыру кезі. Профессор:

         - Сіздің аты-жөніңіз?

         - Бектұров (студент жымиып күледі).

         - Неменеге жетісіп, мәз болып тұрсың?

         - Бірінші сұрағыңызға дұрыс жауап берген сияқтымын.

                 ***

Әкесі мектепте оқитын баласының күнделігін тексеріп жатыр:  

- Физикадан – 2,

- Математикадан – 2,

- Географиядан – 2,

- Тарихтан – 2,

- Ән сабағынан – 5...

- Әй, сен неменеңе жетісіп ән салып жүрсің-ей?

               ***

 Соңғы қоңыраудан үйге келген баласы:

         - Әке, ақша жоқ-ақша жоқ деуші едіңіздер ғой. Келесі жылы мен сіздерді қинамайтын болдым.

         - Не дейсің?

         - Маған енді жаңа кітаптар алудың қажеті жоқ. Жетінші сыныпта қайта оқитын болдым.

Аңдар, жан-жануар, құрт-құмырсқа, жәндіктер туралы күлдіргілер

Арыстанның баласы бұзақылық жасап, орман сақшыларының қолына түсіп қалады. Күзетшілер оның шашын тақырлап алып тастап, арнайы аңдар түрмесіне қамайды. Онда қамауда отырған басқа аңдар арыстанды танымай, мысық деп ойлап, ызаландыра береді. Ол" мен мысық емеспін" деп ақталса, одан бетер қарқылдап, мазақ қылады.

Бір кезде бұрышта бүрісіп отырған тышқанды көзі шалып қалады:

-  Тышқан, сен мыналарға менің арыстан екенімді айтшы, - деп жалынады.

-  Бұлар бәрібір сенбейді, себебі мен де осында түсерден бұрын кірпі болғанмын" - дейді.

***

Бір кірпі ормандағы алаңқайды айналып жүгіріп, қарқылдап күліп жүр.

         Мұны байқаған елік:

         - Әй, кірпі, неменеге жетісіп жүрсің? Жүгіргенге де күле ме екен?

         - Сен де жүгіріп көр. Армансыз күлетін боласың.

 Елік алаңқайды он айналса да, күлмейді. Әбден титықтаған ол ақыры кірпіден әлгі күлкінің сырын сұрайды.

         Сонда кірпі:

         - Жүгіргенде қарныңды шөп қытықтамай ма, не? – депті.

***

 Екі сиыр ет комбинатында әңгімелесіп тұр:

         - Сен бұл жерде бірінші рет болып тұрсың ба?

***

Ұйқыдан түске қарай тұрған жауын құртының баласы шешесінен:

- Апа, әкем қайда? - деп сұрайды.

Сонда байғұс шешесі:

- Еее, әкең таңертең еркектермен балыққа кеткен, депті.

***

Сабақтан келе жатқан күшіктің әкесі көшеде қарсы жолығысып қалады.

- Балам, бүгін қандай пән өттіңдер? - деп сұрайды.

- Шет тілін.

- Бірдеңе үйрендің бе, айта ғойшы.

- Әрине! Мияяяяууууу!

Кемпір-шалдар жайлы күлдіргі әңгімелер

90-нан асқан шал төсек тартып қалады. Орнынан тұрмай қойыпты, бала-шағаның да шулағанына құлақ аспапты. Сонда баласы әкесінің құрдасын шақырып алады. Әкесінің құрдасы келіп, жатып алған досының қасына отырып:

         - Ә...Жатырмысың...Жат, жата ғой, әй, Құрманбай, ананы қара, қыздар кетіп бара жатыр десе...

         Жатқан шал:

         «Қане? - деп басын көтерген екен...

***

Біздің ауылда шалы қайтыс болған бір кемпір науқастанып қалыпты. Балаларының апармаған дәрігері, көрсетпеген бақсысы қалмапты. Бір күні алыстан бір мықты тәуіп алдырыпты. Тәуіп кемпірді тексеріп көріп, балаларына:

         - Шешелеріңнің ауруы жоқ екен, сендер бұл кісіні жазылсын десеңдер, бір шал тауып беріңдер, - депті. Мұны естіген балалары тәуіпке ренжіп: «Біздің бір кемпірді бағуға шамамыз келеді», - деп шамданыпты. Ал мұның барлығын естіп отырған шешесі: «Балаларым, бұл тәуіп өте мықты тәуіп екен, осының айтқанын бір сынап көрмейсіңдер ме?» - деген екен.

***

Бірде тойда дастархан басына голубцы әкелді. Қасымдағы апа: «жақсы тамақ екен, үйдегі келінге пісіртіп жейін десем, аты орысша екен, қазақшалап бересің бе» дегені. Содан: «апа, анау тұрған бұрыш, ішіне тыққан күріш, қасындағысы капуста, ішіндегісі закуска» дей салдым. Естіген жұрт қыран топан күлкіге батты.

***

Немересі атасынан сұрайды екен?

 -Ата, сен жас кезіңде футбол ойнадың ба?

- Ойнадым. Допты басыңмен ұрған кездерің болды ма?

- Ооу, болды ғой, мен қатты ұратын едім

- е, сол екен ғой, басыңызда түк тұрмайтыны.

***

Бірде шал мен кемпір жас күндерін еске түсіріп, саябақта қыдырып жүрсе керек. Айнала толы – жас қыздар мен жігіттер.

         - Әй кемпір, осылардай кезімізде қайтушы едік, - деп кемпірін құшағына қысып алып, сүйе кетеді. Осы сәтте олардың қасына келген тәртіп сақшысы:

         - Қоғамдық орында тәртіп сақтамағандарыңыз үшін айыппұл төлейсіздер. Ата, сізден – 500 теңге, сізден апа – 1500 теңге.

         Бұған ашуланған шал:

         - Бәрін бастаған - мен, сондықтан да айыппұлдың ең көбін мен төлеуім керек қой.

         - Кешіріңіз, ақсақал, мен сізді бірінші рет көріп тұрмын, сол үшін де аз төлейсіз. Ал бұл кемпір осымен үшінші рет көзге түсіп отыр...

Түрлі күлкілі әңгімелер

Қожанасыр келе жатып 1 теңге тауып алады. Магазинге барып сатушыға 1 теңгеге не келеді деп сұрайды, ашуланып тұрған сатушы атаңның бас келеді депті. Қожанасыр сатушыға онда маған 1 кило тартып беріңізші депті.

***

Бір адам жоғарғы этаждан құлап келе жатыр екен. Қорыққанынан айтыпты «Эй, алла осыдан аман түссем ішуді қоямын, тыныш жүремін деп ант ішіп жатса. бірінші этажға жақындағанда аяғы талға ілініп ақырын екі аяғымен жерге түсіпті. Жерге түскеннен кейін жан жағына қарап, Адам қорыққанда не демейді деп үстін қағып кетіп бара жатыр дейді.

***

Бір күні аяғы жоқ пен қолы жоқ төбелесіпті, қол жоқ ұрып жүр екен ал аяғы жоқ теуіп жатыр екен. Оны соқыр коріп қойып кереңге құлағына сыбырлап айтыпты! Керең мұлқауға айтыпты ментке айт деп, ал мылқау телефонмен ментке хабарлаған екен.

Түрлі тақырыптағы күлдіргі әңгімелер топтамасы

Қай заман жақсы?

-          Ата, осы сіз ғой феодализм кезінде де, енді, міне, капитализм де өмір сүріп келесіз. Шыныңды айтыңызшы, қай заманда өмір сүрген жақсы екен?

-          Е, несін айтасың балам, бай болсаң - феодализмде, кедей болсаң - социализмде, ұры болсаң - капитализмде өмір сүрген жақсы депті атасы.

***

Қалай ғана үйлестіріп жүр?

     Үш жаңа қазақ балаларын айтып мақтанып отырса керек:

-          Ұлым өзіме тартқан іскер. Жылжымайтын мүлікпен айналысады. Ісі оңға басып тұр. Өткенде досына Париждегі пәтерін сыйға берді.

-          Менің де ұлым іскер. Қымбат мәшинелер сататын автосалоны бар. Ұсақтанбайды, досына бір су жаңа «Ferrari» сыйлады.

-          Біздің бала да жарап тұр – банк ұйымдастырып, аяғына тұрып кетті. Түсінесің бе, досына көлемді несие берді 30 жылға,процентсіз...

-          Соның арасында оларға төртінші жаңа қазақ қосылады:

-          Не айтып жатырсыңдар?

-          Бала туралы.

-          Ал менің балам, қызтеке! Болмай қалғыр! Сонда да, Парижде пәтері бар, астында «Ferrari», күні кеше 30 жылға процентсіз несие алды. Қалай ғана үйлестіріп жүр, білмеймін...

***

Шешелеріміз кішкене күнімізде бәрімізді де оймақтай шағын қасықтармен тамақтандырғаны есіңізде шығар? Ал енді ойлап көріңізші: қытайлар асты екі таяқшамен жейді. Сонда олардың шешелері сәбиін... тіс шұқығышпен тамақтандыра ма?

***

Ауыл әкімі кабинетінен атып шығып, хатшы қызға дүрсе қоя береді:

-          Менің үстелімнің үстіндегі шаңды саған кім сүрт деді?

-          Не болып қалды, ағай?

-          Онда өте бір маңызды телефон жазылған болатын, - депті.

***

Екі жынды кино көріп отыр.

-          Мына киноны бұрын көріп пе едің?

-          Жоқ. Бірінші рет көруім.

-          Ал мен төртінші рет көріп отырмын. Бірақ алдыңғы үшеуіне қарағанда, бұл жолы актерлер өте тамаша ойнады.

***

Құрылысшы мен тапсырыс беруші әңгімелесіп тұр.

-          Қабырғаны өте жұқа қылып қалапсыздар.

-          Жұқа емес, оның сыртынан әлі тұсқағаз жапсырамыз ғой.

***

Әскерге барғанда дейін ұйқым тыныш болатын. Әскерде жүргенде ұйқыдан маза кетті. Себебі өзім тыныштықты күзеттім. Әскерден кейін алаңсыз ұйықтай алмайтын болдым. Себебі бәтшағарлардың қалай күзететінін жақсы білемін.

***

Бұқаралық әміріне елші болып бір жас жігіт барыпты. Әмір жас жігіттің  келгеніне қатты ренжіп:

-          Ақ патшаның адалы жоқ па? Елші қылып маған сақалсыз адам жібергені несі?! – депті.

-          Егер ақылдың бәрі сақалда болса, онда патша мені емес, ешкіні жіберер еді ғой, - деген екен сонда елші.

***

Түн ортасында екі аруақ қорғанды аралап жүреді. Бір кезде есік шиқылдап ашылғандай болады. Бірі екіншісінің артына тығылып қалады.

-          Сен не, - дейді сонда екіншісі, - сонша қорқасың? Тірілер туралы ертегілерге сенесің бе?

***

-          Кезінде әке-шешемді бекер тыңдамаппын. Қазір соған өкініп жүрмін.

-          Әке-шешең не деп еді?

-          Қайдан білейін? Айтып тұрмын ғой, тыңдамаппын!

***

Бастық көмекшісіне:

-          Мен саған бір сағаттық баяндама жаз деп едім ғой. Ал мен оны екі сағат оқыдым.

-          Өзіңіз ғой, көшірмесін бірге алып кеткен...

***

     Баласы мен анасы:

-          Шеше, неге әкеміздің басында шашы өте аз?

-          Себебі ол көп ойлайтын ақылды адам.

-          А-а! Ал сенің шашың неге көп?

-          Көп сөйлемей тамағыңды іш!

***

 Бүгінгі әңгіме:

-          Мұнайдың бағасы тым арзандап кетті.

-          Бірақ бензин өте қымбат қой.

-          - Бізде бензинді мұнайдан жасамайтын шығар...    Әйтпесе арзан болар еді.

-          ***

-          Жақсы әңгіме жұмыс күнін қысқартады.

***

Бір байдың әйелі күтуші қызды жұмысынан босатып жібереді. Әлгі қыз есіктен шығып бара жатып, босағадағы жатқан екі итке біраз тиын-тебен тастап кетеді.

-          Мұныңмен не айтпақсың?

-          Бұлар мен жуып үлгермеген ыдыс-аяқты жалап, маған үнемі көмектесіп тұрды...

***

Екі жігіт әңгімесінен:

-          Бернард Шоуды білесің бе?

-          Білмеймін, бірақ мынауың да Бауыржан-шоу, Шымкент-шоу деген сияқты бірдеме шығар...

***

 Әкімшілікке біреу телефон соғады.

-          Алло, әкімшілік пе?

-          Иә.

-          Менің әкім болғым келеді.

-          Не айтып тұрсыз? Сіз жынданғансыз ба?

-          Сонда есі дұрыстарға әкім болуға болмай ма?

***

-          Білесің бе, сен маған Пушкинді есіме түсіресің.

-          Е-е, мен де ақынмын, оның үстіне шашым бұйра дегендей...

-          Жоқ, атып тастағым келеді...

***

Білгім келген сұрақ:

-          Социализм деген не?

-          Бұл – капитализмге апаратын ұзақ жол.

***

Әскерде:

-          Бұл жерге келудегі мақсатың не?

-          Біріншіден, Отанды қорғау!

-          Дұрыс.

-          Екіншіден, әскер мені шыңдайды.

-          Жақсы.

-          Үшіншіден, әскерге барасың ба деп, менен ешкім сұраған жоқ.

***

Баласы әкесінен:

-          Әке, ақша деген немене?

-          Ақша деген – қымбат көлік, зәулім сарай, кофе және сұлу қыздар!

-          Ал ақша жоқ болса, не болады?

-          Ақша жоқ дегеніміз – автобус, жатақхана, қара шай және сенің шешең...

***

Әкесі жігіт болып қалған баласына қатты ұрсып жатыр:

-          Апыр-ай, бір күннің ішінде, бар болғаны бір күннің ішінде осыншама ақымақтық жасағаныңа таңым бар...

-          Баласы:

-          Несіне таңданасыз? Мен өте ерте тұрамын ғой...

***

Жас суретшіге бір әйел келіп:

-          Менің портретімді салып бергеніңіз үшін қанша доллар сұрайсыз?- деп сұрайды.

-          Бір мың доллар.

-          Айнытпай саласыз ба?

-          Егер айнытпай салсам, бес мың доллар төлейсіз, бикеш.

***

Екі жігіт әңгімелесіп отыр.

-          Егер осы маңда полиция қызметкері жүрсе, онда қауіпсіз жерде жүрмін деп ойла. Ешқандай қорқудың қажеті жоқ

-          Неге?

-          Өйткені олар өте қауіпті жерде жүре қоймайды.

***

Екі жігіттің әңгімесін:

-          Сен құрылыста жұмыс істепсің ғой.

-          Иә.

-          Онда қандай маман болдың?

-          Бәрін істейтінмін... Кірпіш тасыдым, цемент тасыдым, құм тасыдым.

-          Ол жерден неге шығып кеттің?

-          Үйімді салып болдым ғой.

***

Әрбір шеккен темекі өмірімізді екі сағатқа қысқартады, әрбір ішкен арақ өмірімізді үш сағатқа қысқартады, ал әрбір жұмыс күні өмірімізді сегіз сағатқа қысқартады.

***

Бірде қазақ жігіті Францияға бармақшы болады. Бірақ ол француз тілін білмейді екен. Содан досына келіп ақыл сұрайды. Сонда досы:

-          Оның несі қиын, сөздің басына «ф» әрпін қойып сөйлей бер! – дейді.

-          Бірер айдан соң әлгі жігіт Франция ұшағынан түсіп жатыр дейді. Содан Париждің көшелерінде ал келіп адасады. Амал жоқ, алғаш кезіккен жігіттен қинала-қинала жөн сұрауына тура келеді:

-          Фауырым, фұл фай фөше? – деген екен абдырап. Сөйтсе, әлгі жігіт:

-          Фратан, фөзім де філмеймін! – деп жауап қайтарған екен.

-          ***

-          Қазір сіз қай газетті ең жақсы деп айтар едіңіз?

-          Әрине, біздің аудандық газет. Ет жеген кезде қолыңды сүртсең, майын жақсы алады. Басқа аудандық газетпен қол сүртсең, қолыңа қара сиясы жұғады. Қол сүртуге біздің газет таптырмайды ғой, таптырмайды.

***

Білгір мен Дымбілмес емтихан тапсыруға келеді. Алдымен білгір кіреді. Оған қойылған сұрақтар:

-          Суға батып бара жатқан адамды көрсең, не істейсің?

-          Арқан жіберіп, құтқарып қаламын.

-          Досың пойызбен алыс жолға кетіп бара жатса, не істейсің?

-          "Қош бол!" деп шығарып саламын.

-          Төбелесіп жатқан балаларды көрсең, не істейсің?

-          Татуластырып жіберемін.

-          Сүт алуға кезекте тұрған адамдарды көрсең не істейсің?

-          Кезекке тұрып, кезегім келгенде сүт сатып аламын.

Бұл жауаптардың бәрін Дымбілмес естіп, өзінше жаттап алады.

-          Суға батып бара жатқан адамды көрсең, не істейсің?

-          "Қош бол!" деп шығарып саламын.Арқан жіберіп, құтқарып қаламын.

-          Досың пойызбен алыс жолға кетіп бара жатса, не істейсің?

-          "Арқан жіберіп, құтқарып қаламын.

-          Төбелесіп жатқан балаларды көрсең, не істейсің?

-          Кезекке тұрып, кезегім келгенде төбелесемін.

-          Сүт алуға кезекте тұрған адамдарды көрсең не істейсің?

-          Татуластырып жіберемін.

Жастар, студенттер, қыз бен жігіт, жас жұбайлар жайлы күлдіргі әңгімелер

-          Жігіт қызға sms жолдауда? "Мына абонент "Маған тұрмысқа шығасыз ба? деп сұрайды"

-          Қыздың жауабы: "Сіздің бұл операцияны жүзеге асыруға қаржыңыз жеткіліксіз".

***

Баласы отбасын құрмақ болып, әкесіне өмірлік жарын таныстырады:

-          Әке, міне, келініңіз! Біз бір-бірімізді жақсы көреміз. Сондықтан үйленетін болып шештік.

       Әкесі:

-          Балам,  бұл қызға үйленбе! Ол - сенің қарындасың болады.

-          Қалай қарындасым?

-          Түсінесің бе.... жас кезімде қыздарға көп барып едім.

       Оны естіген баласы әлгі қыздан бас тартып, біраз уақыттан кейін екінші қызды таныстыруға әкеледі.

       Сонда әкесі:

-          Балам, бұған да үйлене көрме! Ол да - сенің қарындасың, - депті.

       Әкесінен көңілі қалған баласы анасына барып, болған оқиғаны айтып береді. Сөйтсе, анасы:

-          Үйлене бер, балам! Ол сенің әкең емес, - деген екен.

***

Нан қосып жеп алдым!

-          Менің жігітім маған кеше көп балмұздақ әперді ғой.

-          Қанша әперді, соншама?

-          25.

-          Мәссаған, тамағың ауырып қалған шығар...

-          Саған ше?

-          Біреу.

-          Ой сен не бір балмұздаққа тойдың ба?

-          Иә, мен нан қосып жеп алдым!

***

         Анасы қызына ақыл айтып отыр.

-          Қызым, сен әлгі жігітке тұрмысқа шығушы болма! Мені жалғыз тастап кетемісің?

-          Оған бола қам жемеңіз, апа! Мен сізді сағындырмай, тез арада қайтып келемін – депті қызы.

 

Беделді бір кісінің келіні қыз туады. Бұған көңілі толмаған әлгі кісі перзентхана басшысына телефон шалады:

Бір үйге түскен келіннің атасының аты Қасқырбай, енесінің аты Жібек екен.

-          Атаңның аты кім?

-          Атамның аты Волк.

-          Енеңнің аты кім?

-          Енемнің аты шелк, - деген екен.

Қылмыскерлер, сот, полиция қызметкерлері туралы күлдіргі әңгімелер

Сот:

-          Айыпкер, сіз бір дүкенге үш рет ұрлыққа түсуіңіздің себебі неде?

        Айыпкер:

-          Бірінші мәрте әйеліме көйлек алдым. Одан кейін әйелім  "көйлекті ауыстырып кел!" деп екі рет жұмсады. Бітті! Бар болғаны осы....

***

-          Сен сәнмен айналысатын болғансың ба? – деп сұрайды бірінші ұры сән журналын ақтарып отырған екінші ұрыдан.

-          Әрине, мен енді жаңа киімдердің қалталары қай жерінде болатынын білуім керек қой!

***

-          Бауырым сағат аласың ба? Міне, қарашы, швейцариялық сағаттың таза көшірмесі.

-          Алсам, алайын. Ал мынау сізге.

-          Бұл не?

-          Бұл - біздің теңгенің таза көшірмесі.

***

Түннің ортасында екі жігіт келе жатады. Алдарынан бұзақылар шығады да пышақ көрсетіп:

-          Ақша, алтын, бағалы заттар болса, шығарыңдар, - дейді.

         Сонда әлгі жігіттердің бірі жанындағы жолдасына:

-          Мен саған 300 доллар қарыз едім ғой. Міне, куәгерлердің көзінше қайтарамын, - депті.

***

Сот залында:

-          Сіз мына кісінің туысқанысыз ба?

-          Иә, бірақ біздің арамыз аса жақын емес. Біз бір үйде 15 бала өстік. Бұл кісі үйдің тұңғышы болса, мен – кенжесімін.

***

-          Алло! Полиция ма? Мен шағымданайын деп едім. Бірнеше күннен бері менің үйіме қорқытып жазылған хаттар келуде.

-          Мм... Кімнен екенін білесіз бе?

-          Нақты кімнен екенін айта алмаймые, бірақ қол қойылған.

-          Кімнің қолы?

-          Салық комитетінің бастығының...

***

Ауыл. Түн іші. Біреу есік қағады:

-          Сізге отын керек пе ?

-          Жоқ.

-          Таңертең үйдің иесі есік алдына шықса, біреулер қысқа деп дайындаған отынды үндеп кетіпті.